482.33
557.57
5.74
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ашық алаңда құқықтық көмек: алматылықтарға тегін кеңес берілді
Жаңалықтар

Ашық алаңда құқықтық көмек: алматылықтарға тегін кеңес берілді

21.03.2026
мин
0
191

«Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму орталығы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Құқығың өз қолыңда» атты кеңес беру мобильді кеңсесінің жұмысын ұйымдастырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыру.

Ашық алаңда қала тұрғындары құқық саласы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға тегін білікті көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Кеңес беруді Қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Гүлнар Сәрсенова, Гүлнар Нұрғалиева және Алматы қаласы полиция департаментінің өкілі Аспандияр Омаров жүргізді.

Мұндай іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге, тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтық кеңістікте және интернетте қорғалуына ықпал етеді.

Аталған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл