482.33
557.57
5.74
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2026
мин
0
168
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Наурыздың тазалық пен жаңарудың символы екенін атап өтті. Оның айтуынша, тазалық ұғымы тек сыртқы ортаға емес, ең алдымен ойдың, сананың және ниеттің тазалығына қатысты.

- Баршаңызды Әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жаңару мен тазару кезеңі. Тазалық – кең мағыналы ұғым. Ол ең алдымен ой тазалығы, сана мен ниеттің тазалығы деген сөз, - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі жыл бұрын бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жоба халықтың, әсіресе жастардың кең қолдауына ие болып, қоғамда нақты істер арқылы көрініс табуда.

Президент азаматтардың ұқыптылық, жинақылық және жауапкершілік сияқты қасиеттері ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып келе жатқанын ерекше атап өтті.

- Жалпы, “Таза Қазақстан” – жай ғана кезекті науқан емес. Бұл – мемлекетіміздің маңызды идеологиялық бағыты. Сондықтан тазалық қағидатын күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күнінде бұл құндылықтарды кеңінен дәріптеу маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл