Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Халықаралық келісімге сәйкес, Сардоба су қоймасы құрылысын бастамас бұрын Өзбекстан Қазақстанмен алдын ала кеңесуі керек болған, бірақ олар мұны елемеген» деген ақпаратқа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді.
Оның айтуынша, су қоймасының проблемасы тек Өзбекстанның ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның да экономикасы мен өміріне қатты әсер еткен. Сонымен қатар ол екінші тараптың оны салу кезінде Қазақстанмен ақылдаспағанын айтты.
Қазір өзбек тарапы су қоймасы мәселесін бірлесіп шешім қабылдауға келісіп отыр. Халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, техникалық аудит жүргізіледі. Мен бұл сұраққа жауап бере отырып, өкінішке қарай, Сардобаны салу мәселесінде бізбен ешқандай келісім жүргізілмегенін айтамын, – деп атап өтті Мырзағалиев.
Айта кетейік, 1 мамырда Сырдария облысында бірнеше жыл бұрын салынған Сардоба су қоймасы жарылды.