Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Петропавлда Лениннің ескерткіші 9 млн теңгеге сатылып жатыр
Жаңалықтар

Петропавлда Лениннің ескерткіші 9 млн теңгеге сатылып жатыр

25.03.2021
1 мин
1
1216

Петропавлда биіктігі 3,5 метр қоладан соғылған Владимир Ленин ескерткішінің сатылатыны туралы хабарлама OLX сайтында пайда болды, деп хабарлайды "Петропавл жаңалықтары" басылымы.

Ескерткіш иесінің айтуынша, оның салмағы – 1 400 келі.

Басылым ақпаратынша, ескерткіш иесі оны қайдан алғанын айтудан бас тартты. Тек ескерткішті түрлі-түсті металл сынығы ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын мәлімдеген.

Ленин ескерткішінің бағасы 1 600 000 Т мөлшерінде көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде бұл сома рубльмен есептелетіні айтылған. Ұлттық валютаға аударған кезде бұл шамамен 9 миллион теңге.

Ескерткіштің төмен жағында "КСРО көркемсурет қоры, Мытищи көркем құю зауыты" деген жазу бар.

Егер ескерткіш қоладан жасалған болса, онда салмағы 1400 келі ескерткіштің құны түрлі түсті металл сынығы нарығында 2 миллион теңгені құрайды, деп жазады басылым.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
А
Айя 25.03.2021
Тегін берсе де алмас едім.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл