Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
I дәрежелі "Айбын" орденімен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орденге:
– Жігер Мұратұлы Айыпов, Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының басқарма бастығы марапатталды.
II дәрежелі "Айбын" орденімен Бауыржан Момышұлы атындағы орденге:
– Сухраб Тохтыкожаевич Аппазов, Бітімгершілік операциялар орталығының аға офицері – оқытушысы
– Бауыржан Қасымұлы Кәмен, 58012 әскери бөлімі инженерлік батальонының штаб бастығы
– Мақсат Сейілханұлы Қасымов, 99230 әскери бөлімінің офицері
– Аллаберген Мырзанұлы, 74884 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы командасының командирі
– Есен Елшатұлы Сабыржанов, 44736 әскери бөлімінің барлау-шабуылдау ротасының командирі
– Руслан Жәнібекұлы Сейдалин, Қорғаныс министрлігі департаменті бастығының орынбасары лайық деп танылды.
III дәрежелі "Айбын" орденімен Рахымжан Қошқарбаев атындағы орден
– Біржан Еркінғазыұлы Мамырханов, 30217 әскери бөлімі танк батальонының сержантына табысталды.
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталғандар:
• Ағыбай Абылай Ержанұлы – Қорғаныс министрлігі 32388 әскери бөлімінің бөлімше командирі
• Әкімов Самат Асанжанұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының нұсқаушы-сержанты
• Дәулетов Рафик Мәжитұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының ауысым бастығы
• Еркінов Дархан Еркінұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі
• Кәрібаев Саян Қуантайұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының командирі
• Кенжетай Ертай Жаңабергенұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (жарғышы)
• Мұсайыпов Нұржан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының офицері
• Нұрпейісов Ерлік Әбиірұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (мергені)
• Нұрымов Серік Асқарұлы – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Барлау бас басқармасы әскери атташесінің орынбасары
• Сисатов Азамат Амангелдіұлы – Қорғаныс министрлігінің басқарма бастығы
• Төкенов Ұлан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің аға офицері (таудағы даярлық жөніндегі нұсқаушысы)
• Тіленшинова Сәния Қалымқызы – Қорғаныс министрлігі 44973 әскери бөлімінің аға маманы.
Аталған Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.