| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда 4 жасар баласына қатыгездік көрсеткен ана жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көршілердің шағымы бойынша 4 жасар бала құтқарылды. Анасы баласының қолын байлап, үйде жалғыз қалдырған.
Сараптама нәтижесінде баланың денесінде көгерулер, дамуының тежелуі және қараусыздық белгілері анықталды.
Сот хабарламасында:
- Анасы баласын жалғыз қалдырып, оның қолын байлау арқылы нақты қауіп төндірген, – делінген.
Сот шешімі бойынша:
- Баланың әкесінің талаптары толық қанағаттандырылған;
- Анасының ата-ана құқықтары шектеліп, баланың тұрғылықты жері әкесімен бірге анықталған;
- Анасына алимент төлеу міндеттелген, ал әкесі оны төлеуден босатылған.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары баланың мүддесі бойынша қорытынды берген. Қазір бала әкесі мен ата-әжесінің қамқорлығында.
Әйел Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ата-ана құқығы шектелді.