475.09
551.06
5.87
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пойызда немесе вокзалда ұмыт қалған заттарды қалай қайтаруға болады
Жаңалықтар

Пойызда немесе вокзалда ұмыт қалған заттарды қалай қайтаруға болады

01.04.2026
мин
0
249

Жолаушылар өз жеке заттарын пойызда немесе теміржол вокзалында жиі ұмытып кетеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін және жоғалған заттарды қайдан алуға болатынын еске салады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

 Егер пойыз жөнелгеннен кейін вагонда заттарыңызды ұмытып кеткеніңізді байқасаңыз, келесі нұсқаулықты орындаңыз:

1) Егер пойыз әлі станцияда тұрса және жөнелтуіне дейін 10–40 минут уақыт қалса, жолаушы ұмыт қалған затын пойыз бригадасының қызметкерлерінен ала алады.

2) Егер пойыз жүріп кеткен болса, жолаушы ресми @jolaushylar_tasymaly Instagram-аккаунтына немесе WhatsApp нөміріне +7 776 714 5686 арқылы жүгініп, жедел жауап ала алады.

3) Жолаушы сондай-ақ, вокзал кезекшісіне барып, вагон нөмірін, орнын және ұмыт қалған заттардың сипаттамасын көрсетіп, вокзал бастығының атына өтініш қалдыра алады. Қажет болған жағдайда, заттарды өзіне жіберу туралы өтініш жаза алады.

4) Егер жолсерік ұмыт қалған заттарды тапса, олар пойыз бастығына беріліп, қалыптастыру пунктіне жөнелтіледі. Заттар вокзалда сақталып, иесіне жеке куәлігін тексергеннен кейін беріледі.
Пойыздарға орнатылған бейнекамералар ұмытылған заттардың санын 92%-ға дейін төмендетті. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға жеке заттарын мұқият бақылауға және қажет болған жағдайда белгіленген нұсқаулыққа сәйкес көмек сұрауға кеңес береді. Қажетті ақпаратты тегін «1433» нөмірі арқылы алуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл