Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан 2021 жылы туристерден 80 млрд теңгеден астам пайда табуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінде хабарлады.
Ведомство мәлімдегендей, биыл қызмет көлемі 80 млрд теңгеден асады деп болжануда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20%-ке артық.
Сондай-ақ, 2021 жылы елімізде 2 млн шетелдік және 5 млн жергілікті демалушы болады деп жоспарлануда.
Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Бурабай курорты, Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауы, Баянауыл, Іле-Алатау ұлттық паркі, Каспий теңізінің жағалауы, сондай-ақ Түркістан ең танымал және сұранысқа ие демалыс орындары болып есептеледі.
2021 жылдың басынан бері Қазақстанда 92 млрд теңгеге 15 нысан іске қосылды. Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеге 115 жобаны іске асыру жалғасады. Оның ішінде биыл Ақтауда 61,7 млрд теңгеге екі қонақ үй, Бурабайда 2 млрд теңгеге қонақ үй, Алматыда 6,3 млрд теңгеге екі қонақ үй ашылады.