Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 8 медициналық анықтама толық цифрлық форматқа ауыстырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда медициналық құжаттар мен анықтамаларды алу процесі жеңілдетілді. Бұған дейін азаматтар емханаға барып, ұзын-сонар кезекте тұрып, қағаз жүзінде анықтамалар алуға мәжбүр болатын. Бұл құжаттар көбінесе мемлекеттік органдарға немесе жеке кәсіпкерлерге тапсырылып, кейде заңсыз берілген анықтамалар да кездесетін. Осы мәселелерді болдырмау мақсатында, қазіргі уақытта 8 медициналық анықтама толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды.
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, бұл өзгеріс азаматтар үшін айтарлықтай жеңілдік әкеледі. Алдағы уақытта барлық медициналық анықтамалар мен құжаттар тек цифрлық түрде ұсынылып, қағаз алып жүрудің қажеті болмайды. Цифрлық жүйеге толық көшу 2024-2025 жылдары жоспарланып отыр.
Интеграция арқылы барлық анықтамалар мекемелерге тек цифрлық форматта жіберілетін болады, бұл өз кезегінде құжаттарды рәсімдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді, — деді Ербол Оспанов.