493.85
571.78
6.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік: айыппұл мен өсімпұл кешірілуі мүмкін
Жаңалықтар

Кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік: айыппұл мен өсімпұл кешірілуі мүмкін

08.03.2026
мин
0
358
Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда микро және шағын бизнес өкілдеріне салық берешегіне қатысты жеңілдік берілуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекет алдындағы жалпы қарызы шамамен 273 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 170 млрд теңгеден астамы негізгі салық берешегі болып отыр.

Ұсынылған тетік бойынша, егер кәсіпкерлер 31 наурызға дейін негізгі салық қарызын толық өтесе, онда олардың есептелген айыппұлдары мен өсімпұлдары толық есептен шығарылуы мүмкін. Бұл сома шамамен 100 млрд теңгеге жуық.

Мамандардың айтуынша, мұндай қадам микро және шағын бизнестің жаңа Салық кодексінің талаптарына бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында қолға алынған.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы кәсіпорындардың мемлекет алдындағы салық берешегі 1 триллион теңгеден асып кеткені айтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл