489.39
567.99
6.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ажыраспай-ақ алимент талап етуге болады»: прокурор заңды түсіндірді
Жаңалықтар

«Ажыраспай-ақ алимент талап етуге болады»: прокурор заңды түсіндірді

11.03.2026
мин
0
292
Сурет: Ғаламтордан

Астанада прокурор әйелдерге отбасы құқығына қатысты маңызды нормаларды түсіндірді. Оның айтуынша, кей жағдайда ерлі-зайыптылар ресми түрде ажыраспай-ақ алимент өндіруге құқылы, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

24 жылға сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова әйелдерге ажырасу, алимент өндіру және мүлікті бөлу мәселелері бойынша кеңес берді.

Прокурордың айтуынша, заңнамада кей жағдайда ерлі-зайыптылар некені ресми түрде бұзбай-ақ алимент өндіруге мүмкіндік беретін норма бар. Мәселен, егер ерлі-зайыптылар заңды некеде болғанымен, бірге тұрмаса және ортақ бала үш жасқа толмаған болса, әйел өзіне және балаға материалдық қолдау талап ете алады.

Айжан Аймағанова мұндай жағдай өз тәжірибесінде кездескенін айтты. Оның сөзінше, жанжалдан кейін ер адам үйден кетіп, әйел баламен бірге тұрған. Соған қарамастан, әйел сот арқылы өзіне және баласына алимент өндіруге қол жеткізген.

- Ерлі-зайыпты заңды некені бұзбаған, бірақ жанжалдан кейін бөлек тұра бастаған. Ер адам үйден кетеді, әйел баламен бірге сол үйде қалады. Артынша әйел некеде бола тұра өзіне және баласына алимент өндіріп алды. Мұндай іс тәжірибемде болды. Яғни, әйел баласы үш жасқа толғанша, күйеуінің асырауында болуға құқылы. Ол үшін ажырасудың қажеті жоқ», – дейді прокурор Айжан Аймағанова.

Бұл талаптар неке және отбасы туралы заңнамада нақты көрсетілген. Сондықтан мамандар азаматтарға өз құқықтарын білу маңызды екенін атап өтеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл