Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға құрметті атақ берілмек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.
«Қайырымды іс жасаған адамға немесе ұйымға құрметті атақ беріледі. Қазір оның ережесі мен талабы әзірленіп жатыр. Қайырымдылық жасағаны үшін берілетін құрметті атақ жыл сайын байқау негізінде тағайындалады. Атақ жеке адамға немесе ұйымға берілуі мүмкін. Кісінің немесе ұйымның жасаған игі істерін арнайы комиссия қарап, нәтижесінде құрметті атақ беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады», - деді Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Комитет басшысының айтуынша, қайырымды жандарға берілетін құрметті атақ мемлекет тарапынан көрсетілген алғыстың белгісі.
Тағы көру