Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасымен зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірледі.
Тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделіп отыр. Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі, белгілі бір тұстарын жетілдіре отырып, базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне негізделген.
Қазір ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындаудың жаңа тетігі пысықталуда:
Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты – 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылардың шотына зейнетақы жарнасы ретінде қызметкердің табысының 5%-ін аударады.
Қазақстан президенті жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мақсатын шартты-жинақтаушы компонентті қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинағын толықтыруға өзгерту тәсілдерін мақұлдады.
Салық кодексі аясында жұмыс берушілерге жүктемені төмендету үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын шегерімге жатқызу бөлігінде жеңілдіктер көзделген.
Мұндай тәсіл зейнет жасына жеткен кезде (зейнетке шыққаннан кейін табысты алмастыру коэффициенті) салымшылардың зейнетақы жинақтарының адекватты деңгейін сақтауға, сондай-ақ келешекте барлық салымшыға зейнетақы жинағын мақсатты пайдалануға (баспана сатып алуға, емделуге) мүмкіндік береді.
Тағы көру