Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қытайлық Tencent компаниясы жеке тұлғаны алақан арқылы анықтаудың жаңа жүйесін енгізе бастады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Tencent турникеттері қоғамдық көлік аялдамаларынан бастап мектептер мен ауруханалар сынды барлық қоғамдық орындарға қойылады. Бұл алақан сканерлерінің көмегімен жол жүру ақысын төлеп, оқу орнына, кеңселерге және басқа да мекемелерге кіруге болады.
Жүйе тамырлардың орналасуын, саусақтар үлгісі мен қолдың өлшемін алады. Ол нашар жарықта жұмыс істеп, кез келген жастағы адамның алақанын сканерлеуге қабілетті.
Жаңадан қосылған жүйе әлі кеңінен тарала қойған жоқ. Десе де, 900 миллионнан астам қытайлықтар қолданатын Tencent-тің WePay төлем жүйесі секілді танымалдығы артуы мүмкін.