Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін Ақтөбеде өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар Бердібек Сапарбаевқа «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды.
«Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітті», – делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.
Фото: inbusiness.kz