Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғарда төбелес салдарынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құрметті, қазақ елі! Сіздердің алдарыңызда басымды иемін! Мені қолдап, балам үшін қол ұшын беріп жатқандарыңызға көп рақмет! Мен Қонаевтағы Алматы облысының полиция департаментінің ғимаратына келдім. Ол жерде іс оң жағынан қаралып жатыр. Бізге адвокаттар көмектесуде. Марқұм болған Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдінің де көмегі бар. Ол кісіге де ерекше рақмет! Алғысым шексіз, – деді ол.
Шерзаттың әкесі халықтан қантөгіс болмауын сұрады.
Өтінішім бар, халқым. Ешқандай митингіге шықпаңыздар, қантөгіс болмасын. Мен бар жерде бір шоғырланған адамдар келіп, сол сәтті менің дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасау үшін сондай болуы мүмкін. Сол себепті халқым, өтініп сұраймын, ешқандай көтеріліс емес, өз қағидам: заң аясында дұрыс, әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын. Шыны керек, қандай да бір ақпараттар болып жатса, өзім ғана бөлісемін. Видеожазбаға, аудиожазбаға, суреттер, фотоларға сенбеңіздер. Кім келсе де, қандай жағдай болсын, сөйлесе аламын, өз басыма жауап бере аламын. Бірақ мені отбасымның жеке қауіпсіздігі уайымдатады, – деді Қаржаубай Нұрымов.