Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында корпоративтік қор ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы пирамидасы "Otbasy men jastardy qoldau qory" және "Invest Consulting Agensy" ЖШС түрінде жұмыс істеген. Ұйым басшысы тарапынан қала тұрғындарының қаражаты заңсыз алынғаны анықталды. Жалпы шығын 300 млн теңгеге бағаланды.
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «Investment Consulting Agensy» ЖШС және «Otbasy men jastardy qoldau qory» корпоративтік қорының қызметі заңсыз. Сондай-ақ, жұмыс істеуге тиісті рұқсат жоқ", - делінген хабарламда.
Қазіргі кезде қаржылық пирамиданы ұйымдастырушы қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдануда.