Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жасөспірімді жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Оның заңға қайшы жұмысты интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды. Шымкент тұрғынынан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді.
ІІМ хабарлағандай, есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Жасөспірім аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.