| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте үш жасар бала абайсызда ойыншық магниттерді жұтып қойған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Баланың іші ауырып, ата-анасы оны қалалық балалар ауруханасына жеткізген. Тексеру барысында асқазанында бөгде заттар бар екені анықталып, дәрігерлер шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылдады.
Хирургиялық араласу кезінде диаметрі шамамен жарты сантиметр болатын 16 магнит алынған. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, денсаулығы бақылауда.
Мамандар ата-аналарды ұсақ бөлшектері бар ойыншықтарға мұқият болуға шақырады.