Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар

Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті

22.01.2025
1 мин
0
530
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы әңгімелесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен бауырлас халықтың Ұлт көшбасшысын құттықтады.

Президент қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында Түрікменстанның бейбітшілік пен бітімгерлікке шақырған бастамасының ерекше маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, бұл бастаманы табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Гурбангулы Бердімұхамедов Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы аясындағы Түрікменстанның негізгі басымдықтары туралы баяндап, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тұжырымдаманы таныстырды.

Екі ел көшбасшылары қазақ-түрікмен қатынастарының жоғары деңгейіне тоқталып, энергетика, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы бұрын қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуын жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ, сұхбат барысында өңірлік ынтымақтастық және алдағы бесжақты форматтағы іс-шаралар мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл