Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ТЖМ қызметкерлеріне көтерме және тұрғын үй жәрдемақысы төленеді
Жаңалықтар

ТЖМ қызметкерлеріне көтерме және тұрғын үй жәрдемақысы төленеді

05.02.2025
1 мин
3
591
Сурет: www.paryz.kz

Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көтерме және тұрғын үй жәрдемақысы төленеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ынталандыру мақсатымен оларға және олардың отбасы мүшелеріне қоныс аудару бойынша жәрдемақы төлеу, мүлікті тасымалдау, сондай-ақ барлық отбасы мүшесін қоса алғанда, темір жол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындарын өтеу ұсынылды. 

Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай кезеңінде, терроризмге қарсы операция кезінде, қарулы қақтығыс жағдайында, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы белгіленеді. Үстемақы ақшалай қаражаттың 3 еселенген мөлшерінде төленеді, ал еңбек өтілінің бір күні үш күнге есептеледі.

Азаматтық қорғау органдарының және әскери қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алу шығындары өтеледі. Мәжіліс депутаттары азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге осындай норма енгізуді ұсынды. Демек енді тұрғын үй төлемдерін төтенше жағдайлар жүйесі қызметкерлері де алатын болады. 

Сонымен қатар егер өрт сөндіруші немесе құтқарушы жауынгерлік жағдайда қызметтік міндеттерін орындау кезінде зардап шексе, санаториялық-курорттық негізде оңалтуға құқығы болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Б
Балнұр 05.02.2025
Иа жыл сайын айтады бірақ қашан екені белгісіз, күтіп күтіп үйді ипотекаға алдық, енді бізге төленеме екені белгісіз!?
Жауап беру
Г
Гуллария 05.02.2025
Шыны керек жыл сайын осы мәселені қозғайды, бірақ конечный итогы шықпайды. Әне міне толейді бірақ нәтеже жоқ
Жауап беру
К
Кундыз 05.02.2025
Кашаннан бастап
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл