Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай елордада "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғындарға әлеуметтік пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа 250 пәтер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мен халықтың әлеуметтік осал тобына жататын баспанаға кезекте тұрған жандар арасында бөлінді.
Қала әкімінің айтуы бойынша, 2020 жылы қолжетімді баспана құрылысы үш есе артқан. Яғни 8 мыңнан астам баспана.
"Әлеуметтік тұрғын үйлер әлеуметтік осал санатқа арналған. Бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, көп балалы отбасылар. Қазіргі уақытта "Қазақстандық ипотекалық компаниясымен" бірлесе қол жетімді баспана алушылар санатын кеңейттік", – деді Көлгінов.
Енді Нұр-Сұлтан қаласында баспанаға әлеуметтік қызметкерлер, медицина саласындағы мамандар, мұғалімдер, полицейлер, мәдениет және спорт қызметкерлері де пәтер алуға өтініш бере алады.
Тағы көру