Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Арыста 5 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы қысым жасап, аса жауыздықпен өлтірген қылмыскердің ісіне сот нүкте қойды. Іс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен айып тағылды.
Сот материалдарына бойынша, 2001 жылы дүниеге келген сотталушы Арыс қаласында орналасқан №37 үйдің тұрғыны. Ол өзінің пәтерінен шығып, №39 мекенжайда орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алдына келген. 1-ші сыртқы есіктің кіре берісінде (подъезд) 5 жастағы қыздың жалғыз ойнап жүргенін көріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасау қылмыстық пиғылы пайда болған. Содан көпқабатты тұрғын үйдің баспалдақ дәлізіне кіріп, 2-ші қабаттан 3-ші қабатқа көтерілетін баспалдақтың орта бөлігіндегі алаңшаға бүлдіршіннің қолынан жетектеп алып барып, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген. Кейін жас қызға сексуалдық сипаттағы қылмыстық әрекетін жасаған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Ол өз ісін ішіне “жын кіріп кеткенін” айтып ақтаған.
“Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар сотталушы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, - делінген Түркістан облыстық сотының мәліметінде.
Еске сала кетейік, биыл мамыр айында болған қайғылы оқиғаға қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылған сот үкімінің заңдылығын тексеріп, қылмыскерге қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту маңызды екенін айтқан.
Тағы көру