Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтініш беру қайта басталады
Баспанаға бағыт

«Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтініш беру қайта басталады

13.07.2023
3 мин
0
2640
фото: 7kun.kz

19 шілдеде «Отбасы Банкі» «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдерді қабылдауды қайта бастайды. Оны Астана, Алматы, Ақтау және Атырауды қоспағанда, Қазақстанның кез келген қаласында пайдалануға және тұрғын үй сатып алуға болады. Оның себебі бұл қалаларда пәтер алу шегі таусылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Ұмай» тұрғын үй несиелеу бағдарламасы Қазақстанда үшінші жыл жұмыс істейді. Биыл оны үшінші рет жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге бөлінді. Естеріңізде болса өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 мамырында басталды және сол күні түсте бөлінген ақша лимиті таусылды.

Бұл күні банк 15,6 млрд теңге сомасына 1000-ға жуық өтінім қабылдады.

«Бағдарламаға қатысуға өтінім берген кезде клиент тұрғын үй сатып алудың болжамды сомасына қарызды алдын ала мақұлдау туралы сертификат алады. Бұл сома бірден клиенттің атына беріледі. Мұндай сертификаттың жарамдылық мерзімі – бір ай. Осы уақыт ішінде клиент тұрғын үй тауып, оны бағалауы, төлем қабілеттілігін растауы және кредитті ресімдеуді бастауы тиіс», - деп түсіндірді Отбасы банкінде.

Бірақ барлық клиенттер өз сертификаттарын уақытында қолданған жоқ. Бір ай өткеннен кейін сертификат жарамдылығы «күйіп кеткен». Бір ай бойы ақша осы клиенттерге брондалған күйінде қалды, ал басқа ниет білдірушілер оларды пайдаланып, өз үйлерін сатып ала алды.

Биыл берілген өтінімдердің ішінен 400-ге жуық клиент сертификатты уақытында пайдаланбаған немесе өз өтінімдерін мүлдем жойған.

Бұл ретте «Ұмай» бағдарламасының 570 қатысушысы қолайлы баспана тауып, қарыздарын ресімдеп, қоныс тойын атап өтті. Тағы 32 өтінім әлі де өңделуде. Бұл жақын арада несиелер берілетінін білдіреді.

Қазір қосымша 400-450 Қазақстанның «Ұмай» бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар. 2023 жылғы 13 мамырдағы мәліметтер бойынша, бөлінген үшінші транш аясында банкте тағы 6 млрд теңге қалды. Сондықтан 2023 жылдың 19 шілдесінде сағат 9.00-де әйелдер бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды қайта бастау туралы шешім қабылданды.

НЕСИЕНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

  • Отбасы банкіндегі жинақ сомасы – 0%-дан
  • Несие сомасы пәтердің бағаланған құнынан – 85% дейін
  • Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 14,4% бастап (ЖТСМ - 15,4%-дан)
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін
  • Несиелік мөлшерлемені төмендету несие сомасының 50% жинақталғаннан кейін – 3,5% дейін (ЖТСМ 3,6% -дан)
  • Отбасының максималды кірісі – 640 000 теңгеге дейін
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл