Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде бір ай ішінде баспана бағасы 3%-ке қымбаттады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың ақпан айында тұрғын үй құны 3,1%-ке, яғни 252,3 мың теңгеге дейін өсті. 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда баға 20,3%-ке жоғары.
Жаңа тұрғын үй бағасы бір айда 1,2%-ке, 323 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жылдық өсім 8%-ті құрады.
Қайталама нарықтағы тұрғын үй үшін жалдау ақысы 1,6%-ке, шаршы метр үшін 1,7 мың теңгені құрады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша азаматтардың зейнетақы жинағындағы соманы алу мүмкіндігіне байланысты жылжымайтын мүлік құнының күрт өсуі басталды.