Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты жаңа мәлімет жарияланды
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты жаңа мәлімет жарияланды

13.05.2021
1 мин
64
14064

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережелеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында талқыланып жатыр.

Осы қағидаларға сәйкес, зейнетақы жинақтары есебінен банк алдындағы қарыздарды ғана емес, жұмыс берушіден алған қарыздарды да өтеуге болады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін келесі жағдайларда пайдалануға жол беріледі:

  • тұрғын үйді сатып алу-сату, айырбастау шарттары бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алуға байланысты түпкілікті есеп айырысу;
  • бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу;
  • тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды толтыру, жеке тұрғын үй салу;
  • ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу;
  • тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген тұрғын үйді жекешелендіру;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу үшін жеке тұрғын үй салу;
  • сатып алу-сату, айырбастау шарттары бойынша жер учаскесін меншікке сатып алу;
  • белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тіркеген тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты бойынша тұрғын үйдің құны мөлшерінде пай жарналарын төлеу;
  • жұмыс беруші жұмыскерлерге тұрғын үйді меншікке сатып алу үшін берген қарыздар бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
  • тұрғын үй сертификаттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
  • ауылдар, ауылдық округтар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

Сондай-ақ жаңа талаптарға сәйкес, зейнетақы төлемдерін алушы мен өтініш берушінің жұбайынан, жақын туыстарынан, сондай-ақ жұбайының жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат берілмейді.

Зейнетақы төлемдерін өтініш берушінің арнайы шотына есептеу мерзімі 3 күннен 10 жұмыс күніне ұзарды.

Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 24 мамырына дейін жалғасады. "Ашық НҚА" сайтында сұрақтар мен ұсыныстар жариялауға болады.

Еске салсақ, Қазақстанда 23 қаңтардан бері зейнетақы жинағын пайдалануға арналған өтінімді қабылдайтын Enpf-otbasy.kz сайты іске қосылды. БЖЗҚ-да жиналған қаражаттың бір бөлігін баспана сатып алуға немесе кеңейтуге, емдеуге немесе инвестициялауға жұмсауға болады. Бүгінде 700 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағы шекті деңгейден асып тұр.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
64 Пікір
М
Мақсат 21.05.2021
Уй салып едім.бітпей тұр.есепшоттағы ақщамды ала аламба.ауылда тұрамын
Жауап беру
Қ
Құралай 19.05.2021
Менің басымда 10млн-ға жақын кредит бар ақшалай алынған, ипотека алу мүмкін болмағандықтан жер алып, үй салдық сол ақшаларға, 5 жыл төлеймін, енді соны жабуға берсе ғой.
Жауап беру
М
Маржан 18.05.2021
Жас отбасы бағдарламасымен алынған үйлерге болмайды деп ЖССБ банк жолатпады .Өз ақшамыз өзіміз пайдалана алмай отырмын
Жауап беру
Д
Дархан 16.05.2021
Зейнетақы жинағын пәтердің ремонт жұмыстарын жүргізуге беруі керек өзіміздің ақшамызды өзімізге пайдалануға бермейтін не деген заң
Жауап беру
А
Айгүл 16.05.2021
Потребительский кредитті жабуға мүмкіндік беріп, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту қажет!
Жауап беру
А
Айгүл Әбдіғапбарқызы 16.05.2021
Потребительский кредитті толығымен жабу үшін неге бермейді пенсионнвй фондтағы ақшаны. Өз ақшамызды алуға мүмкіндік бермей, диктовать етіп отыр бұл үкімет.
Жауап беру
Д
Джанбаева Маржан 16.05.2021
Зейнетақы жинағын алу қарапайым халыққа қол жетімсіз болып тұрғой,бай байға,сай сайға қүятын заман болды
Жауап беру
К
Камажаи Оракова 16.05.2021
Алуга шекти молшерге жетпеи калдыгои биздики ен болмаса кредит жабуымызга бола ма,ен болмаса табысымызды колымызга тугел алып отыраиык,кредитимизди жауып тастап.жогарыда дурыс аитат аашалары шекти молшерден аскандар уи устине уи алып жатыр жетпеитиндер онан саиын каиыршылык вун кешуде,осыларды журыс жагынан шешсе болар едигои.
Жауап беру
А
Альфия 16.05.2021
Шекті мөлшерін алып тастасын. Кредитімізді жабуға пайдалануға берілсін
Жауап беру
Г
Гульфиса 15.05.2021
Еш өзгермегенгой басындагыдай мақсаттар
Жауап беру
Ә
Әлібек Молданиязов 15.05.2021
Дұрыс бағыттар қарастырылып жатыр екен
Жауап беру
Д
Дұр 15.05.2021
Дұрыс бағыттар
Жауап беру
А
Айгүл 16.05.2021
Қандай дұрыс бағыт
Жауап беру
А
Айгүл 16.05.2021
Қандай дұрыс бағыт
Жауап беру
Ж
Жанар 15.05.2021
Уй салуға немесе жер алуға болама сонда жаңа өзгерісте менің түсінгенім боиынша
Жауап беру
Ж
Жанар 15.05.2021
Уй салуға немесе жер алуға болама сонда жаңа өзгерісте менің түсінгенім боиынша
Жауап беру
Ш
Шынар 14.05.2021
Әділетті емес. Жағдайы жақсы адамдар ,жақсы жерде жұмыс жасайтындар уй үстіне үй алып жатыр. Ал біздікі жетпейді
Жауап беру
М
Молдир 15.05.2021
Өте дұрыс айтасыз
Жауап беру
Х
Халима 15.05.2021
Дұрыс айтасыз
Жауап беру
А
Айгерим 14.05.2021
Бұл сол баяғы зейнетақы қорында 5-10 миллион бар адамдарға ма?
Жауап беру
А
Айгерим 14.05.2021
Бұл сол баяғы зейнетақы қорында 5-10 миллион бар адамдарға ма?
Жауап беру
И
Индира 14.05.2021
Сонда мынаның бәрі шекті сомадан асу керек па
Жауап беру
С
Скай 14.05.2021
Даулет айткандай,акша жина жина жина
Жауап беру
Ж
Жамал 14.05.2021
Келесі жылы пенсияға шыққанда бөліп жармай пенсинныймызды қолымызға берсе екен
Жауап беру
С
Самал 14.05.2021
Ұсыныс жақсы арине бірақ пенсионный шегі ол мүмкімдікке жеткізбейд.жас отбасы 2 баламен үй маселесі біздіде қинайды.түзету еңсе екен карапайым халлыққада
Жауап беру
М
Менсулк 14.05.2021
25жыл жұмыс жасағанда жинағымыз шектік деңгейге жетпейді сонда бұл баяғы байлар үшін жасалған біз сияқтылар баяғы жартас бір жартас боп жүре береміз бе?
Жауап беру
Б
Бибигуль 14.05.2021
Таьысы аздарга неге комек бермейди омир бойы кун кориси томен болып омир суре ме т
Жауап беру
Ж
Журсинай 14.05.2021
Бай байга куяды,.Сай сайга куяды,кедейдин шункырына тукте.жок.деген.макал.текке.айтылмаган.болып.тур.гой
Жауап беру
Н
Нуртаза 14.05.2021
Салеметсізье мен калаи шешіп алума болады
Жауап беру
К
КАРЛЫГАШ 13.05.2021
осы қазақстан заңдарына түсінбей кететін боларм өмірі
Жауап беру
Ж
Жаумитова Айнур 13.05.2021
Мен ала аламын ба жасым 34те уш балам бар. Уй жалдап турамыз.мугалиммин біздің ақшамыздың аздығынан осындайды ала алмаймыз. Қара халыққа тиімді амал ойламайды өздері көп ақша табатын мұнайшылар бастықтар министрлер алады. Үнемі солай қандай заң түсінбедім
Жауап беру
Д
Дина 13.05.2021
Канша сумма болсада колдансак екен деймин. Порогтан асалмагандыктан катыса алмадык. Жана озгеристе 1млн каражатымыз болса соны первоначальный взнос кылып корсетсе болганы. Сол акшаны корсетип тагы кредит алатынымыз айдан анык. Кредит толеу ушин сира со жумыс жасап тагы пенсионный счетымызды толытрамыз
Жауап беру
К
Карлыгаш 13.05.2021
Зейнетақы қорынан ақша алу үшін 17 жастан жұмыс жасау керек,не болмаса депутаттар сияқты миллион зарплата алу керек сияқты ғой Өздеріне ыңғайлы етіп жасап алғанба өзі
Жауап беру
Ж
Жамиля 13.05.2021
Кеш жарық, дұрыс айтасыз
Жауап беру
Д
Дина 13.05.2021
Солгоо
Жауап беру
А
Асемгуль 13.05.2021
Жолдасым аскери зейнеткер пенсионкасын ала алама ?
Жауап беру
А
Альфия 13.05.2021
Менің жинақтағы ақшам аз, оны мен сонда қашан аламын? Жәй қарапайым адаммын. Жинақталған ақша менің жасымның жартысына жетпейді. Неге сондай шектеу қояды? Халықты жынды қылды.
Жауап беру
А
Альфия 13.05.2021
Менің жинақтағы ақшам аз, оны мен сонда қашан аламын? Жәй қарапайым адаммын. Жинақталған ақша менің жасымның жартысына жетпейді. Неге сондай шектеу қояды? Халықты жынды қылды.
Жауап беру
Ф
Фарида 13.05.2021
Зейнетақы суммасын төмендету керек, себебі, ауылдық жерлерде, әсіресе Түикістан облысы, Шардара ауданында тамырлап жемқорлық жайлағаны соншалық нешы жылдан бері жұмыс жасасақ та, 3 миллионға жетпеген, себебі дұрыс аударылмайды, қосып екі айда аударады, мардымсыз аз сумма аударады,т.б.жасайды.
Жауап беру
Ж
Жанат 13.05.2021
Қарапвйым адам тағы алмайды ғой парогтан аспаймыз
Жауап беру
А
Амангүл 13.05.2021
Ағайын туыстан құда жекжаттан үй алып болды уже адамдар пенсюнканы түсірткізіп алды
Жауап беру
Ж
Жайна 13.05.2021
Сумманын шектеуин шешсе тагыда байлар алады карапайым халык алалмайды
Жауап беру
Ж
Жанар 13.05.2021
Егерде баспана алатын болсақ,зейнетақы жинағында қанша қаражат болу керек
Жауап беру
Г
Гүлшат 13.05.2021
Экоға қолдануға беруді қарастырса екен. Өйткені экоға квота көп бөлінген дейді. Бірақ ол квотаның шарттарына келмейміз
Жауап беру
Г
Гүлшат 13.05.2021
Шекті сумманы төмендетсе екен. Осы мәселе қаралып жатыр ма екен
Жауап беру
Ж
Жанар 13.05.2021
Егерде бампана алатын болсақ,зейнетақы жинағында қанша қаражат болу керек
Жауап беру
Д
Дина 13.05.2021
Отырган уйемизге жондеу жумыстарын жасауга берилсе жаксы болар еди.
Жауап беру
А
Айгерім 13.05.2021
Осы зейнетақы ақшасын кредит жабуға береме. Кім біледі?
Жауап беру
Д
Досмұрат 13.05.2021
Ауылда тұратын бізге үйді жаңалап соғып алуға қолма қол берсе дұрыс болар еді
Жауап беру
Д
Дони 13.05.2021
Канша жастагылар алалады екен
Жауап беру
И
Иса 13.05.2021
Зейнетақы жинақтарынан отандық жаңа автокөлік сатып алуға рұқсат етілсе дұрыс болар еді.
Жауап беру
Г
Гулбану 13.05.2021
Мен озимнин зинетакы жинагымнын бир болегин алгым келеди
Жауап беру
П
Перизат Базарқызы 13.05.2021
Сұрақ мен 1топ мүгедегімін жинақ қорындағы ақшамды қалай алсам болады
Жауап беру
М
Маржан 13.05.2021
Шынында да зкйнетақы шегін түсірсе жақсы болар еді ,себебі еліміздегі еңбекақы мөлшері төмен деңгейде көбі өмір бойы жинауы мүмкін ,ол шектік деңгейді,зейнетке шықпай қайтыс боп жатқандар қаншама,қазір тұрмыстық жағдайын жақсартып алса,орнын жұмыс жасар толтырады ғой,өз ақшаларын өздеріне қимайтындары қызық,экономикаға ауыр боп тиеді деп қорықса,байларға налогты көтерсін,депутаттардың ақшасын азайтсын ,олардың жұмысы біздікінен ауыр ма,неге олар ай,айын миллиондап еңбекақы алу керек
Жауап беру
Э
Эльмира 13.05.2021
Саламатсыздарма зийнетакыдагы акша суммасын тусирсе жаксы еди 15жыл истесекте жыйналган сумма жокардагыларлфн жазган суммасына жетер емес сонда айоыгы коп байларгана уй алмаса карапайым халыкка дымда жокко тапканын арендага сол айналып келгенде алган уйлерин арендага берип койган байларга гана ынгайлы бари
Жауап беру
А
Алима 13.05.2021
Банктеги кредитти жабуга да колданска берилсе
Жауап беру
М
Молдир 13.05.2021
Қанша сома болу керек зейнетақы да
Жауап беру
Г
Гүлназ 13.05.2021
Айлығы көп кісілер нана ала аладығой біз сиящты 70мың мен 100мың алатын кісілерге дымда жоқ.
Жауап беру
А
Айджан 13.05.2021
Адам түсінетін тілде жазыңшы
Жауап беру
А
Айджан 13.05.2021
Адам түсінетін тілде жазыңшы
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл