Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда карантиннің күшейтілуіне байланысты 680 мың адамның жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Эпидемиологиялық жағдай бақылауда, бірақ күрделі. Науқастардың 82%-і жұмысқа қабілетті тұрғындар. Мемлекеттік комиссияның шешіміне байланысты біраз кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты. Оның ішінде шағын және орта бизнесте 680 мыңға дейін жұмыс орны тоқтатылды", - деді қала әкімі брифингте.
Айтуынша, күн сайын қалада 100-ге тарта адам ауруханаға жатқызылып жатыр. Қалада коронавирус жұқтырған 6 202 адам тіркелген, аурудың күндік өсімі 1,1%-ті көрсетіп отыр.