Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жол ережесін бұзатын жүргізушілер мобильдік қосымша арқылы анықталады
Жаңалықтар

Жол ережесін бұзатын жүргізушілер мобильдік қосымша арқылы анықталады

30.05.2022
1 мин
0
1540

Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер мобильдік қосымшаның көмегімен анықталатын болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

«Жол қозғалысын автоматты қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильдік қосымшасы жасалды. Онда «Сергек» жүйесі камералары мен ІІМ жедел басқару орталықтары қызметінің мүмкіндіктері біріктірілген. Мобильдік қосымшаға келіп түскен мәліметтер дереу полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Бұл жол қозғалысын бұзған автомобильдерді нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, аталған мобильді қосымшаның көмегімен жалған мемлекеттік нөмірлі автомобильдерді, техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полисі жоқ көлік иелерін анықтауға болады. 

Сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүрген көлік иелерін табуға болады. 

«Полиция қызметкері жүйе арқылы 10 минуттің ішінде 2 немесе одан көп заңды бұзған «қауіпті жүргізуші» туралы ақпарат алып, дереу шара қабылдайды. Мобильдік қосымша биыл 19 сәуірден бастап Шымкентте, 25 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда енгізілді. Аталған қалаларда жүйе жұмыс істеген сәттен бастап жол қозғалысы саласында 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар 1 078 автокөлік ұсталып, айып тұрағына жеткізілді», - дейді ол. 

Министрлік өкілі қазіргі уақытта жаңашылдықтың Өскемен және Атырау қаласында енгізілгенін айтып өтті. 

«Мысалы, Нұр-Сұлтанда ресейлік нөмірі бар ВАЗ 2114 автокөлігі ұсталды, оған 4 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Шымкент қаласы бойынша шетелдік тіркеуі бар 1041 автомобиль ұсталды, олар 4033 рет жол қозғалысы ережесін бұзған», - дейді Ш. Тұрлыбек.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15358 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл