Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"1 сәуірде зейнетақыны есептеу жүйесі өзгереді": БЖЗҚ себебін түсіндірді

10.03.2021
1 мин
14
2764

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесінің өзгеретінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері үкімет қаулысымен анықталады. Оған сәйкес, бір айлық төлемнің көлемі зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігін құрайды және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен кем болмауы тиіс.

Ал 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді. Атап айтқанда, алдымен зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын жинақтың мөлшерлемесіне көбейтеді. Одан кейін 12 айға бөледі. Осылайша, бір айлық төлемнің мөлшері шығарады.

"Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін 5 процентке индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады", – дейді қор мамандары.

Осы орайда олар нақты мысалды да келтірді. Мәселен, зейнетақы жинақтарының сомасы 6 000 0000 теңге болып тұр. 1 сәуірден бастап алғашқы жылдың зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге болады. Ал ай сайынғы ай сайынғы төлемінің мөлшері (390 000/12 ай) 32 500 теңге болады. Екінші жылда оның көлемі 5 процентке өседі де, 34 125 теңгеге дейін көтеріледі.

"Бұдан бөлек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген", – делінген ресми хабарламада.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
14 Пікір
Л
Лаура 10.03.2021
Даулеттен тилимен тусиндирмесе ~
Жауап беру
М
Мереке 10.03.2021
бүгін танертен окыдым осы информацияны, енди сәуірден деп сосын бұрынгыны тоже есептемесе.....
Жауап беру
Н
Наргиза 10.03.2021
Халық тың айлығы 6млн емес 60мыңгой,Жылдығы700-800боладығой
Жауап беру
10.03.2021
Жылдык деп тур гой
Жауап беру
К
Камшат 10.03.2021
В общем ким не тусинди?
Жауап беру
А
Аиса 10.03.2021
Көбейтіп бөліп не әуре болып жатыр, әркім өзі біледі ғой өз ақшасын
Жауап беру
А
Аиса 10.03.2021
Не жұмысы бар екен біреудің қорында вообще какое имеет права
Жауап беру
С
Сауле 10.03.2021
Озин жазып озин тусиндинба.
Жауап беру
Э
Эльвира 10.03.2021
Түсініксіз
Жауап беру
А
Ару 10.03.2021
Дым тусинбедим
Жауап беру
А
Арайлым 10.03.2021
Ози ақша таппай отырғанда, айтеуир ақша жеп қалу керек. Ертең пенсенный жасқа жетпей олип калса 1 тиын да бермейди гой. Жұмыстан алатын айлыгым із 90000тг болса, оның онсызда 15000 налогка ұстайды. Якобы профсоюз, подоходный, жумыс истеп жатқанын ушин ақша төлеу.... Не кереги бар осының?халытын тапқан табысына тимесе, халықта котерилисе шыкпайды ғой...
Жауап беру
А
Ая 10.03.2021
6 000 0000 неге ол 6 000 000 айналады, осы статья жазганда сауаттылыкка неге карамайды, тусиникти тилде жазуга киынба?
Жауап беру
А
Ая 10.03.2021
6 000 0000
Жауап беру
А
Айдана 10.03.2021
Тагы да халыкты тонау деси несине акша косады
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл