Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
11 000 000 теңге: Жетісулық мұғалімдерге үстемақы төленбей келген
Жаңалықтар

11 000 000 теңге: Жетісулық мұғалімдерге үстемақы төленбей келген

03.05.2024
1 мин
2
981
Фото: almaty.tv

Жетісулық мұғалімдер бірнеше жыл бойы өздеріне тиесілі үстемақыдан қағылып келген. Ұстаздар арнайы тест тапсырып, біліктілігін дәлелдеп, «сарапшы», «зерттеуші», «шебер» сынды санатын алғанмен, мектеп басшылығы оларға тиісті қаражатты төлемеген, деп хабарлайды dauletten.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Ақсу ауданындағы музыка пәнінің мұғалімі 2021 жылы аттестациядан өтіп, «оқытушы-зерттеуші» деген санатты алады. Осы біліктілігі үшін оның жалақысына ай сайын 68 мың теңге қосылуы керек. Бірақ ақша ұстазға жетпеген. Осы сынды облыс бойынша бас-аяғы 23 мұғалімнің құқығы бұзылған. Дегенмен құзырлы органдарға ресми шағым түспеген. Ал кезекті тексеріс барысында облыс прокурорлары заң бұзылғанын анықтаған.

«Қазіргі таңда қадағалау актісі бойынша мұғалімдерге  11 млн теңге төленді. Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, яғни қатаң сөгіс жарияланды», – деді облыстық прокурордың көмекшісі Ләйлім Әбілмәжінова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Д
Ділдә 04.05.2024
Қайырлы кеш! Бином мектептерінде тексерсе ғой , статус педагога төлемейтін сиякты
Жауап беру
К
Кулімхан 03.05.2024
Қатаң сөгіс емес бас бостандығынан айыру қажет
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл