Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2024 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша 13 423 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 195 адам өтініш білдірген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Екі көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге 3 201 адам жүгініп, 3 087 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен (республикалық бюджет, БЖЗҚ, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) берілетін АӘТ төлемге 10 994 адам өтініш беріп, 10 336-сына тағайындалды.
Әлеуметтік төлем алу үшін 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдары болуы тиіс. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін беріледі, ал жұмысшылар жеңіл жұмысқа ауыса алады. 2024 жылы арнаулы әлеуметтік төлемді 37 мыңнан астам адам алады, орташа төлем мөлшері 208 мың теңгені құрайды.
Арнаулы әлеуметтік төлемді алу үшін жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.