Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
14 ақпан мерекелік жеңілдіктерге сеніп, сан соғып қалмаңыз: ІІМ ескерту жасады
Жаңалықтар

14 ақпан мерекелік жеңілдіктерге сеніп, сан соғып қалмаңыз: ІІМ ескерту жасады

12.02.2026
мин
0
151
Сурет: egemen.kz

Ғашықтар күні қарсаңында интернет-дүкендер мен әлеуметтік желілерде түрлі акциялар мен жеңілдіктер көбейеді. Алайда Ішкі істер министрлігі осы кезеңде алаяқтардың да белсенді болатынын ескертіп, қазақстандықтарды онлайн сауда кезінде сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ғашықтар күні қарсаңында қазақстандықтар жиі онлайн сатып алуларға жүгінеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл кезеңде интернет-алаяқтар да белсенді әрекет етіп, жалған сайттар мен күмәнді парақшалар арқылы азаматтарды алдауға тырысады.

Министрлік мерекелік сатып алу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

Тауарды тек сенімді, ресми сайттар мен тексерілген маркетплейстер арқылы сатып алыңыз.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Тым төмен баға ұсынылса, абай болыңыз — бұл алаяқтық белгісі болуы мүмкін.

Сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз және бейнеқоңырау арқылы өнімді, сондай-ақ дүкеннің нақты мекенжайын тексеріңіз.

Ақшаны жеке шоттарға немесе сенімсіз төлем жүйелеріне аудармаңыз.

Жеке деректеріңізді қорғаңыз: парольдер, SMS-кодтар, CVV-код және банк картасының толық мәліметін бөгде адамдарға бермеңіз.

ІІМ азаматтарға мереке кезінде қаржылық шығынға ұшырамау және көңіл күйді бұзбау үшін сақ болуды ескертті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл