Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
14 мусым - Дүниежүзілік қан доноры күні
Жаңалықтар

14 мусым - Дүниежүзілік қан доноры күні

14.06.2023
5 мин
0
470

Дүниежүзілік қан доноры күнін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгіледі және жыл сайын 14 маусымда атап өтіледі. Дүниежүзілік донорлар күнінің алғашқы мерекесі 2005 жылы өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Дүниежүзілік донорлар күнін өткізу идеясы қан донорларын тану және алғыс айту, сондай-ақ қауіпсіз қан мен оның компоненттерінің өмірді сақтап қалудағы маңыздылығы туралы хабардар ету мақсатында пайда болды.

Қан тапсырар алдында мынаны нені білу керек? 

ҚР ДСМ бұйрығы негізінде донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. 18 жасқа толған тұлғалар донор болуы мүмкін . Донордың салмағы кемінде 55 кг болуы тиіс.

Донациялау күндері және қан және оның компоненттерін тапсыру күнінен бір күн бұрын донорларға:

  • майлы, қуырылған, ащы, сүрленген тағамдар, сүт өнімдерін жеу
  • процедураға дейін екі тәулік бұрын ішімдік ішу
  • процедураға дейін үш тәулік бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа да препараттарды қабылдау
  • процедураға дейін кемінде бір сағат бұрын темекі шегу ұсынылмайды

Донор барлық бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы өзінде  бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы, сондай-ақ есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы осы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті.

Донор ақысыз түрде немесе белгілі бір төлем  үшін қан тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді. Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.

фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл