Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2,3 млн теңге: Қазақстанда ең жоғары жалақыны қандай мамандық иелері күтеді
Жаңалықтар

2,3 млн теңге: Қазақстанда ең жоғары жалақыны қандай мамандық иелері күтеді

12.06.2025
1 мин
0
795
Сурет: profsvoboda.ru

Қазақстанда қай мамандық иелері ең жоғары жалақы сұрайтыны белгілі болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электрондық еңбек биржасының мамыр айындағы деректеріне сүйене отырып мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрлік деректеріне сәйкес, 2025 жылдың мамырында Enbek.kz порталында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мыңнан астам түйіндеме тіркелген. Бұл көрсеткіш сәуір айымен салыстырғанда тиісінше 11,8% және 4,3%-ға азайған.

Ең үлкен сұраныс дәстүрлі түрде білім беру (15 мыңнан астам бос жұмыс орны), қызмет көрсету саласы (10,7 мың) және құрылыс (8,5 мың) салаларында байқалады. Жұмыс күшіне сұраныс көбінесе ірі қалалар мен аграрлық өңірлерде жоғары.

Орта білікті мамандар тапшылығы да өзекті болып отыр – сұраныс ұсыныстан 16%-ға артық. Ал жоғары білікті мамандар арасында бәсекелестік артып келеді: түйіндеме саны жұмыс берушілер ұсынған бос орындардан көп.

Жұмыс іздеушілер арасында 34 жасқа дейінгі жастар белсенділігімен ерекшеленеді – олардың үлесі барлық түйіндеменің 44%-ын құрайды (48,6 мың адам). Одан кейінгі орында – орта жастағы үміткерлер (37%). Жыныстық ара салмақта әйелдер 52,8%, ерлер 47,2% үлеске ие.

Сұранысқа ие мамандықтар қатарында тәртіп сақшылары (1,8 мың бос орын), медбикелер (1,7 мың) және жүргізушілер (1,5 мың) бар.

Жалақы мөлшері бойынша ең жоғары ұсыныстар келесі лауазымдарға тиесілі:

 • Тау-кен өнеркәсібіндегі басшының орынбасары – орта есеппен 788 мың теңге;

 • Бас құрылысшы – 662 мың теңге;

 • Бұрғылаушы-инженер – 605 мың теңге.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны күтетіндер – ұшқыштар (орта есеппен 2,3 млн теңге), IT жобалар бөлімінің басшылары (1,2 млн теңге) және өндіріс саласындағы учаске жетекшілері (1,1 млн теңге).

- Мамыр айында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер белсенділігінің аздап төмендеуі байқалды. Дегенмен жүргізушілер, күзетшілер, медицина қызметкерлері мен жұмысшыларға сұраныс тұрақты. Күтілетін жалақы көлемі үміткердің жасына қарай өседі. Бұл – кәсіби тәжірибе, біліктілік деңгейі мен мансаптық ұмтылыстардың арақатынасы, – делінген министрлік хабарламасында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл