Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл Алматының негізгі капиталына 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты.
Ақпаратқа сүйенсек, мегаполисте өнеркәсіп, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, сауда және қызмет көрсету салаларында 92 жоба жүзеге асырылмақ.
Атап айтсақ, өнеркәсіпте 37,6 млрд теңгеге 20 жаңа өндіріс ашылады деп күтілуде. Жыл соңына дейін Алматыда 2,85 млрд теңгеге бес өнеркәсіптік саябақ ашылады. Нәтижесінде 1 400 адам жұмыспен қамтылады.
«Қазіргі кезде компаниялар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні өндірістік парк инвесторлары 19 кәсіпорынмен жалға берудің алдын ала шарттарын жасады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, биыл 66,9 млрд теңгеге 34 көпсалалы тұрғын үй кешені, 31,8 млрд теңгеге 14 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Ал сауда және қызмет көрсету саласында 22,5 млрд теңгенің 24 жобасы іске қосылады.
Аталмыш жобаларды іске қосу есебінен 5 мыңнан астам адамға жұмыс орны ашылады.
Мемлекеттік құрылымда ағымдағы жылы Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 971,2 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Шаһарда 175 млрд теңгенің 51 жобасы аяқталды.