| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
15 қыркүйекте елордада үстел теннисінен WTT Star Contender Astana 2026 President’s Cup халықаралық турнирі басталады. Жарыс 20 қыркүйекке дейін жалғасады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл додаға әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысады. Президент кубогы алғаш рет World Table Tennis (WTT) күнтізбесіне еніп, WTT Star Contender мәртебесінде өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 300 мың АҚШ доллары.
Жарысқа 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Фанг Бо мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Мысыр өкілі Омар Мұхаммади Ассар бастаған әлемдік деңгейдегі спортшылар қатысады.

Ұйымдастырушы Руслан Жетубаевтың айтуынша, Қазақстан намысын турнирде 40-қа жуық спортшы қорғайды. Жарыс бағдарламасында жекелей және жұптық сайыстар қарастырылған.
Ал Қазақстан атынан өнер көрсететін Фанг Бо Астанадағы WTT жұлдыздар турниріне қатысып отырғанына қуанышты екенін айтып, жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ спортшы Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына өз үлесін қосқысы келетінін атап өтті.

Президент кубогы – әлемдік деңгейдегі шеберлерді бір алаңға тоғыстырып қана қоймай, Қазақстандағы үстел теннисінің дамуына серпін беретін маңызды халықаралық жарыс.