| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Астанада Ақаба процесі аясындағы халықаралық саммит өтеді. Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жиында жасанды интеллектінің дамуына байланысты туындайтын қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі ІІ Абдалла тең төрағалық етеді. Халықаралық кездесуге Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен бірқатар ресми өкіл қатысады.
Атап айтқанда, жиынға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің қатысуы жоспарланған.
Кездесудің басты тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі қауіпсіздік. Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері жаңа технологияларды терроризм мен экстремизм мақсатында пайдаланудың алдын алу жолдарын қарастырады.
Сонымен қатар қатысушылар цифрлық технологиялардан туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттер арасындағы өзара байланысты күшейту және өңірлік әрі халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды.
Айта кетейік, Ақаба процесі 2015 жылы Иордания Королі ІІ Абдалланың бастамасымен құрылған. Бұл – терроризм мен экстремизмге қарсы күресте елдердің бірлескен іс-қимылын күшейтуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған диалог алаңы.