| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ірі арнаның жолын кесті. Арнайы операция барысында 10 келі «Альфа-PVP» психотроптық заты тәркіленді, — деп хабарлайды Dauletten.kz
Тергеу мәліметінше, күдіктілер интернет арқылы жұмыс істейтін есірткі дүкенінің «қоймашылары» болған. Олар анонимді оператордан тапсырма алып, есірткіні сақтау, өлшеп-орау және таратуға дайындаумен айналысқан.
Заңсыз әрекеттерін жүзеге асыру үшін күдіктілер жеке тұрғын үйді жалға алып, оны есірткі өлшеп-орайтын орынға айналдырған. Тінту кезінде үйден психотроптық заттар салынған бес пакет табылды.
Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын мойындап, есірткінің тағы бір бөлігі жасырылған орынды көрсеткен. Полицейлер орман алқабындағы жасырын орыннан есірткі салынған қосымша 10 пакетті тәркіледі.
Осылайша құқық қорғау органдары ірі есірткі дүкенін қамтамасыз етіп отырған арнаны бұғаттап, мыңдаған бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынды. Оларға мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.