Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа жылдан бастап Отбасы банктің барлық терминалы жабылады. Бұл туралы банктің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Терминалдардың жабылуына қарамастан, азаматтар барлық операцияны онлайн орындай алады.
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктің барлық терминалы толығымен жабылады. Неге десеңіздер, Отбасы банк толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшіп жатыр. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеп жатырмыз, - деп мәлімдеді Отбасы банк.
Екінші деңгейлі банктердің терминалдары және банкоматтары, мобильді қосымшалары, интернет-банкингі мен Otbasy bank-тің мобильді қосымшасы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелері арқылы депозиттерді толықтырып, кредиттерді өтеуге болады.