450.79
524.13
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда үйленуге ниетті жұптар арнайы оқудан өте алады
Жаңалықтар

Қазақстанда үйленуге ниетті жұптар арнайы оқудан өте алады

10.09.2026
мин
0
164
Сурет: BAQ.kz

Қазақстанда шаңырақ көтеруге дайындалып жүрген жұптарға арналған арнайы оқыту бағдарламасы енгізіліп жатыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сабақтарда болашақ ерлі-зайыптылардың қаржысы, бала тәрбиесі, отбасындағы міндеттер мен өзара қарым-қатынасы сияқты маңызды мәселелер талқыланады.

Үйлену туралы сөз болғанда көпшілік алдымен тойдың қамын ойлайды. Алайда ортақ өмір басталғаннан кейін ақша, үй шаруасы, бала тәрбиесі мен жеке шекара мәселесі алдыңғы орынға шығады. Қазақстанда енді жұптарға осы тақырыптарды некеге дейін мамандармен бірге талқылауға мүмкіндік берілмек.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Отбасын қолдау орталықтарында некеге дейінгі оқыту бағдарламасын кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Оған некеге тұруды жоспарлағандар, АХАТ-қа өтініш бергендер және бес жылдан аспайтын уақыт некеде тұрған ерлі-зайыптылар қатыса алады.

Қатысу міндетті емес.

Бағдарламаның басты мақсаты – жас жұбайларға отбасы өмірінің күнделікті мәселелерін алдын ала талқылауға жағдай жасау. Себебі екі адам бір шаңырақ астына кіргенде олардың отбасы, ақша, жауапкершілік және бала тәрбиесіне қатысты көзқарастары бірдей бола бермейді.

Оқу бес негізгі бағыттан тұрады.

Бірінші бөлімде ерлі-зайыптылар арасындағы серіктестік пен жауапкершілік қарастырылады. Жұптар үй шаруасын бөлісу, ортақ шешім қабылдау және бір-бірінің жеке шекарасын құрметтеу мәселелерін талқылайды.

Екінші бағыт отбасын жоспарлау мен репродуктивтік денсаулыққа арналған. Мұнда бала сүюге дайындықпен қатар, бала дүниеге келгеннен кейінгі ата-аналық міндеттер де сөз болады.

Үшінші бөлімде құқықтық сауаттылыққа басымдық беріледі. Қатысушылар некеде пайда болатын құқықтар мен міндеттерді, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың белгілерін және қажет жағдайда қайда жүгінуге болатынын біледі.

Төртінші бағыт – қаржы. Жұптарға отбасы бюджетін құру, кіріс пен шығысты жоспарлау, несие мен жинақ мәселесін бірге талқылау ұсынылады.

Бесінші бөлім қарым-қатынас мәдениетіне арналған. Қатысушылар жанжал кезінде эмоцияға берілмей сөйлесу, серіктесінің пікірін тыңдау және мәселені өзара түсіністікпен шешу тәсілдерін меңгереді.

Бағдарлама бұған дейін сынақ ретінде өткізілген. 2024 жылы Астана мен Шымкентте 40 жұп тренингке қатысса, 2025 жылы тағы 300 жұп оқудан өткен.

Министрлік мәліметінше, сынаққа қатысушылар әсіресе отбасылық қаржы, репродуктивтік денсаулық және құқықтық мәселелерге қызығушылық танытқан.

Енді бағдарлама Отбасын қолдау орталықтарында тұрақты түрде енгізіле бастайды. Сабаққа қатысқысы келетіндер тұрғылықты жері бойынша орталыққа хабарласып, оқу тобының қашан құрылатынын және тіркелу тәртібін нақтылай алады.

Мұндағы негізгі мәселе – жұптарды үйленуге үгіттеу емес, некеден кейінгі өмірге дайындау. Өйткені отбасының берік болуы тек сезімге емес, екі адамның күнделікті мәселелерді қалай шешетініне де байланысты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл