| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
27-28 желтоқсанда БЖЗҚ-ның байланыс арналары қолжетімсіз болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ 27–28 желтоқсан күндері жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты байланыс орталығының қызметтері уақытша қолжетімсіз болатынын мәлімдеді.
Қордың ақпаратынша, көрсетілген күндері байланыс орталығына қызмет көрсету арналары, соның ішінде телефон арқылы кеңес беру мен онлайн-чаттар уақытша жұмыс істемейді.
БЖЗҚ туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, салымшылардан түсіністік танытуды өтінді.