Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БАҚ біз туралы

"3 жыл кафеде тұрдым": Шымкентте көпбалалы анаға үй берілді

03.02.2023
1 мин
1
1520

Шымкентте көпбалалы жалғызбасты анаға үй сыйға тартылды. Үш жыл бұрын әйел күйеуінен айырылған. Осы уақыт бойы бес баласы бар ана өзі жұмыс істеген кафеде тұрып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Мария Мұхтасарова балаларымен көшеде қалған. Көпбалалы ана кафедегі кез келген жұмысты істеді: еден жуып, аспазға көмектескен. Әйелдің айтуынша, қиындықтарға қарамастан, ешкімнен көмек сұрамаған, бәрін өзі жеңуге тырысқан.

Мария Мұхтасарованың өмірлік жағдайы туралы "Дәулеттен" қайырымдылық қоры білген. Еріктілер 21 миллион теңге жинап, көпбалалы анаға Шұбарсу елді мекенінен әдемі үй сатып алып берген.

"Баспаналы болдық, өз үйіміз бар. Бізге көмектескен "Дәулеттен" қорына және қамқор адамдарға алғысым шексіз. Мен өте қуаныштымын және толқып тұрмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үй маған қатты ұнады, тағы да рақмет баршаңызға", – дейді көпбалалы ана Мария.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жайсан 04.02.2023
Алла разы болсын құтты баспана болсын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл