Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
4 пайыздық автонесиенің сақтандыру шығыны көлік алушының есебінен төленеді. Бұл туралы «Өнкеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өкілдері мәлімдеді.
«Несие бойынша сыйақы мөлшеріне келетін болса, Үкіметтің қаулысымен 4 пайыздық сыйақы белгіленді. Бұл сыйақы өспейді. Дегенмен, оның қасында банктің көрсеткен қызметтері бойынша қосымша төлемдер болуы керек. Сақтандыру шығындары да бар. Банк өз тәуекелін сақтандырмай сіздерге несие бермейді. Сондықтан оның шығыны несие алуға тілек білдерген азаматтың есебінен жүргізіледі», - деді қордың басқарма басшысы Ғалымжан Әди.
Ал қордың басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров 4 пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің үсітне қосалытан пайыздық үстемелер әр банкте әр түрлі болуы мүмкін екенін айтты.
«Жеңілдетілген автонесие бойынша ғана емес, бүкіл несиелер бойынша сыйақы мөлшерлмесінен бөлек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бар. Сіз айтып отырған несиенің пайызы осы тұрғыдан өседі. Ал Үкімет белгілеген 4 пайыз сыйақы мөлшерлемесі өспейді. Иә, қосымша комиссиялар мен сақтандыру шығыны бар. Сыйақы Үкімет қаулысы бойынша жеке төленеді. Сондықтан несие қымбаттап отыр. Ал сақтандырусыз несие ала алмайсыз», - деп түсіндірді Ринат Гаппаров.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беру басталды.