Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет басшысы Асқар Мамин шілде айына әлеуметтік жәрдемақы нақты кімдерге берілетінін айтты. Сондай-ақ, премьер-министр еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа 1 миллионнан астам адам кіреді.
"Карантин кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылданды. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі", - деді Мамин үкімет отырысында.
Еске сала кетейік, президенттің тапсырмасымен республикада карантин тағы екі аптаға, екінші тамызға дейін ұзартылды.