Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
13 шілде күні карантин шараларына байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге тағайындау ұсынылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына төленетін жәрдемақыны заңсыз алғандарға жауапкершілік қарастырылғанын айтты.
Министр, ең алдымен, жұмыс берушілердің жауапкершілігіне тоқталды.
"Ертеңгі күні жұмыс берушінің жалақы алып жүргені, тұрақты жұмысы бар қызметкерлер үшін өтініш берілгені анықталса, ол заңбұзушылық болып саналады. Бұл жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сол мекеменің үстінен шағымданып, ақшаны қайтаруды талап етеді. Егер орындамаса, сотқа жүгінуге мүмкіндігі бар. Әрі қарай барлығы соттың шешіміне байланысты", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.
Сондай-ақ ол 42 500 теңгені заңсыз алған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін де жауапкершілік барын ескертті. Егер карантинге байланысты жұмысы тоқтамағаны анықталса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ақшаны қайтаруды сұрауы мүмкін.
"Сондықтан ертең қосымша сұрақтар туындамас үшін өтінішті табысыңыздан айырылсаңыз ғана бергеніңіз дұрыс", - деді министр.
Тағы көру