Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев 670 миллиард теңгені тиімді пайдаланудың жолын ұсынды.
"Айтарым бар...
Қазіргі уақытта шетелдерге заңсыз кеткен, одан қала берді жемқорлардан тәркіленген ақшалардың жалпы сомасы (қаржы министрінің айтуынша) 670 миллиард теңгеден асып отыр. Бұл ақша ел игілігі - соның ішінде мектеп салуға, мектептің жөндеу жұмыстары мен жабдықтарын алуға жұмсалады. Бұның бәрі қуантарлық жайт.
Бірақ, сол ақшаның қайтадан желініп кетпеуіне кім кепіл? "Жемқорлардың ақшасы желініп жатыр" деген жаңалық естімес үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан арнайы сайт ашылу керек. Яғни, халық (біз) ақшаның қанша, қайда кетіп жатқанын кез келген уақытта онлайн түрде бақылай алатындай мүмкіндік болу керек. "Ооо, осынша сома мына мектепке, мына жерге (көшеге) осындай жылы мектеп салынады, мынша ақша анда бөлінді, қалғаны осы" деп біліп отыруымыз тиіс. Бізге ашықтық керек! Қоғамдық бақылау күшейсе ғана нәтиже де болатыны сөзсіз.
Ps: Бұл қарқынмен құзырлы органдар белсенді жұмысын жалғастыра берсе, жемқорлардың ақшасы триллионға да жетіп қалады. Бұл аз сома емес",- деп жазды ол.