Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспанаға бағыт

"7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламаларының жабылуы баспана нарығына қалай әсер етеді

16.06.2021
1 мин
24
7879

"7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламаларының жабылуы ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігіне әсер етпейді. Мұндай мәлімдемені Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов жасады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 1 трлн теңгенің 333.3 млрд теңгесі игерілді.

«Жалпы, халықтың бұл бағдарламаға деген қызығушылығы туралы айтсақ, жоба іске қосылған алғашқы жылы 3 289 несие берілген (39,4 млрд теңге), ал 2019 жылы – 8 723 несие (99,1 млрд теңге), 2020 жылы – 10 207 несие (120,8  млрд теңге) рәсімделген. Ал, осы жылдың бес айы аралығында (қаңтар-мамыр) қазақстандықтар 73,9 млрд теңгеге 5 656 несие алған. Жалпы алғанда, осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша 333,3 млрд теңге игерілді. Халықтың жоғары сұранысы мен ипотекалық несиенің қарқынына қарап, біз «7-20-25» бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін, яғни бөлінген лимит таусылған соң аяқталады деп болжап отырмыз»,- деп атап өтті Ұлттық Банкте

"Баспана Хит" бағдарламасына келетін болсақ, жобаны іске асыруға 600 млрд теңге бөлінген. Соның ішінде 520,8 млрд теңгені құрайтын 56 752 қарыз берілген.

«Бағдарлама «айналмалы» тетік арқылы, яғни, қаржыландырудың ортақ сомасы алдында жабылған қарыз есебінен көбейетінін ескере келе, біз несиелендірудің жалпы көлемі 675 млрд теңге болады деп болжап отырмыз. Қаржының белсенді түрде игеріліп жатқан ескере отыра, «Баспана хит» ипотекалық жобасы 2021 жылы аяқталады деген болжам бар», - делінген хабарламада.

Үлттық банкте  аталмыш бағдарламалар жабылғанымен, мемлекет тарапынан баспана алуға бағытталған көптеген жобаны жүзеге асырылып жатқанын алға тартты.

Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 25 жылға дейін 5% жеңілдікпен (бастапқы жарна 20% кем болмаған жағдайда – «5-20-25») жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) тарапынан әлеуметтік несие беріледі. 2019 жылы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арналған бастапқы жарнасы 10%, жеңілдетілген мөлшерлемесі 2% «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталған болатын. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған «Шаңырақ» (5-10-20) атты әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халық тобына арналған жоба жүзеге асырылып жатыр.  Бұл бағдарлама арқылы 20 жылға дейінгі мерзімге 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана алуға болады. Айта кетейін, Ұлттық Банк осы жобаны жүзеге асыруға қатысып, «5-10-20» жобасы бойынша «Отбасы банкі» арқылы кезекте тұрған адамдарға несие беруге 210 млрд теңге қаржы, ал ЖАО арқылы несиемен алынатын баспана құрылысына 180 млрд теңге бөлді.

Қазіргі таңда «Отбасы банкінің» тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы да ипотекалық несиелендіру белсенді түрде жүзеге асып жатыр. Банк халыққа ипотекалық несиелендірудің үлкен таңдауын ұсынып отыр. Мысалы, жас отбасылар жылына 6% мөлшерлемемен «Жас отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы бола алады. Ал, әскери қызметкерлер «Әскери баспана» бағдарламасымен 3,5%-8% аралығы мөлшерлемемен (бастапқы жарнаның сомасына байланысты) үй сатып ала алады. Сонымен қатар, жуырда  мөлшерлемесі 12% «Ұмай» атты әйелдер ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
24 Пікір
Б
Багила 12.08.2022
2022жылдын маусым айында Умай кредиты́ басталуы керек еды́,соган мен ы́лыгемын ба,менде ИП бар,аренда квартир
Жауап беру
А
Айман 22.02.2022
Маган уй алуга болама
Жауап беру
А
АЛТЫНГУЛ 07.02.2022
Көп балалы анамын, уйге кезекке тұру үшін цонға барып тіркелуім керекпа, Городской прописка обизательна болу керекпа?
Жауап беру
К
Күнзираш 17.09.2021
Саламатсыз ба менің сіңіліме үй алу керек еді кәзір 3000000 теңгесі бар соған сіздің кеңесіңіз керек боп тұр . Мүмкіндігіңіз болса көмектесесіз ба . Мектепте кіші қызметкер жолдасы быраз жыл бұрын қайтыс болған . Кәзір екі баласымен жалдамалы квартирада тұрып жатыр. ,,Баспана Хит ,, бағдарламасымен үй алалама.
Жауап беру
Д
Дина 05.08.2021
Сәлеметсіздер ме? Мен Алматыға пропискаға бір ай бұрын тұрдым, өзім көп балалы анамын. Тұрғын үй кезегіне тұра беру керек пе? ЦОН-ға ма, әлде акимат қа тұру керек пе?
Жауап беру
З
Зейнеп 05.02.2022
Сизбен жеке сойлессек боладыма накты жауап берсеныз
Жауап беру
Н
Нурсулу 23.07.2021
Жас Отбасы бағдарламасымен үи ді қалаи аламыз.Қазір онлаи бағдарлама жоқ диді
Жауап беру
Б
Бердібек 13.07.2021
Баспана туралы пікір сауалнама алғым келеді
Жауап беру
Г
Гаухар Шымкент 10.07.2021
7-20-25 багдарламасымен танысып Уй алгым келген еди
Жауап беру
А
Айнур 07.07.2021
Жарнаманы жарнамалап айтып болмаса ,жазып айткан менен далелдеме жок.!
Жауап беру
М
Майра 24.06.2021
Салеметсизбе, Даулет мырза озинизден жеке кенес алсак деп едик
Жауап беру
К
Камшат 23.06.2021
Halyk bank тан ипотека алу туралы - кенес керек
Жауап беру
Н
Назгуль 21.06.2021
87787442941 хаб аласыздарма ?отиниш
Жауап беру
Т
Талғат 17.06.2021
Қашан жабылат
Жауап беру
А
Алданыш 17.06.2021
5-10-20 ЖАҒДАЙЫ ЖОҚ ХАЛЫҚҚА ТИІМСІЗ.БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА БӨЛІНСІН ҚАРАЖАТ.БІЗ ҮЙ КЕЗЕККЕ ТҰРҒАНДА МҰҚТАЖ РЕТІНДЕ ТҰРДЫҚ.СОНДАЙ ЖИНАҒАН АҚШАМЫЗ БОЛСА ТҰРМАС ЕДІКҚО ОСЫЛАР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙДЫ ХАЛЫҚТЫ.ХАЛЫҚҚА ТИІМДІ ПРОГРАММА ШЫҒАРСЫН
Жауап беру
Г
Гүлбара 22.06.2021
Орынды айттыңыз, бағдарламалары түкте тиімсіз әрі қол жетімсіз Бағасы ұшып тұр, ондай ақша болса кезекке тұрмайақ алмаймызба үйді
Жауап беру
Г
Гулназ 17.06.2021
Ұмай ипотекасы кашан басталады екен
Жауап беру
Ш
Шолпан 17.06.2021
Ешкандай санатка жатпаймын,калай уй алуга болады?уйдин очередине обизательно туру керек пе?
Жауап беру
А
Акерке 16.06.2021
Менің жолдасымның атыннан ипотекамен 5-6 жыл бұрын үй алғанбыз. Менің атымда үй жоқ. 70-20-25 пен менің атымнан үй ала аламын ба? 20-30% құйсам…
Жауап беру
С
Сымбат 17.06.2021
Болады,табыс көзі жетіп тұрса
Жауап беру
16.06.2021
Ala almaisiz
Жауап беру
А
Айтолкын 16.06.2021
Уйге кезекке калай турсак болады
Жауап беру
Э
Эля 16.06.2021
Салеметсизба! үйге кезекке ЦОН арқылы тұрасыз.
Жауап беру
А
Анара 16.06.2021
"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша несие алуға бола ма және қай банк арқылы ?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл