Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Агоөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту жөніндегі ұлттық жобаға жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары енгізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің айтуынша, еліміздегі сүттің 75%-ін жеке қосалқы шаруашылықтар өндіреді. Бірақ көп жағдайда орталықтан сатып алу мен логистиканың болмауы, сақтау, бастапқы өңдеу, азықпен қамтамасыз ету және айналым қаржысының тапшылығы себепті жеке қосалқы шаруашылықтарда өнімінің аз көлемі ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру бағытында Жамбыл облысында қосылған пилоттық жоба жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіндіктерін шоғырландыру мәселесін шешуге арналған.
Қазір Үкіметтің жобалық кеңсесінің салалық менеджерлері кооперативтерді құрудың тікелей қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау бойынша модельдерін пысықтап жатыр. Пысықтау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен жүзеге асуда. Сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаның тұжырымдамасын әзірлеу барысында Үкіметтің жобалық кеңсесінің тәжірибесі қолданылатынын айта кету керек.