448.98
502.45
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АИ-92 мен АИ-95 қанша теңгеге қымбаттады?
Жаңалықтар

АИ-92 мен АИ-95 қанша теңгеге қымбаттады?

09.11.2026
0 мин
0
113
Сірет: Lada.kz

Қазақстанда жыл басынан бері бензиннің екі негізгі санаты да қымбаттаған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазан айында АИ-92 маркалы жанармайдың орташа бағасы литріне 251 теңгеге жетіп, қаңтармен салыстырғанда 6,8 пайызға өскен. Ал АИ-95/96 санатының құны 315 теңгеге дейін көтерілген. Бағаның ең жоғары өсімі Орал қаласында тіркелді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар мен қазан аралығында Қазақстанда бензин бағасы біртіндеп жоғарылаған. Ел бойынша АИ-92 маркасының орташа құны жылдың басындағы 235 теңгеден 251 теңгеге дейін жеткен. Осылайша бір литр жанармай 16 теңгеге немесе 6,8 пайызға қымбаттаған.

АИ-95 және АИ-96 маркалары біріктірілген санатта да баға өсімі байқалады. Қаңтарда литрі орта есеппен 304 теңге болса, қазанда 315 теңгеге сатылған. Бұл – 11 теңге немесе 3,6 пайыздық өсім.

Статистикаға енгізілген 20 қаланың ешқайсысында баға төмендемеген. Екі санаттағы жанармай да барлық қалада қымбаттаған. Әсіресе Оралда өсім жоғары болды. Қалада АИ-92 бағасы 223 теңгеден 247 теңгеге дейін көтеріліп, 24 теңгеге қымбаттаған. Пайыздық есеппен бұл – 10,8 пайыз.

Оралда АИ-95/96 маркасының құны да айтарлықтай артқан. Жыл басында 285 теңге болған жанармай қазанда 304 теңгеге жеткен. Нәтижесінде баға 19 теңгеге немесе 6,7 пайызға өскен.

АИ-92 бағасының жоғары өсуі байқалған қалалардың қатарында Түркістан, Атырау және Павлодар да бар. Бұл өңірлерде қымбаттау тиісінше 8, 7,8 және 7,7 пайызды құраған. Ал ең баяу өсім Жезқазғанда тіркелді: мұнда жанармай бағасы 242 теңгеден 252 теңгеге дейін көтеріліп, 4,1 пайызға артқан.

Жалпы ел көлемінде АИ-92 маркасы АИ-95/96 санатына қарағанда жыл басынан бері жылдамырақ қымбаттаған. Дегенмен баға өсімі ең жоғары болған Орал қазандағы АИ-92 ең қымбат сатылатын қалалардың қатарына кірмеген. Ондағы бір литр жанармайдың құны республикалық орташа көрсеткіштен 4 теңгеге төмен болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл