Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Aitu, eGov, eOtinish: енді азаматтар интернет балансы болмаса да қызмет ала алады
Үкімет

Aitu, eGov, eOtinish: енді азаматтар интернет балансы болмаса да қызмет ала алады

27.08.2025
мин
0
169
Сурет: Қопғаныс министрлігі

Цифрлық штабтың шешіміне сәйкес азаматтарға баланс нөл немесе теріс болған жағдайда да eGov, Aitu және eOtinish қызметтеріне қолжетімділік қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штабта Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бағытында бірқатар шешім қабылданды.

Цифрлық штаб шешімімен:

- биылғы 15 қыркүйектен бастап Aitu, eGov, eGov Business, eOtinish қызметтері мен ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін нөлдік тарифтеуді қолдануды іске қосу;

- осы жылдың 20 қыркүйегіне дейін Smart Bridge платформасында коммерциялық IT-шешімдерді қызметтермен кедергісіз интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- Qaztech платформасында ІТ шешімдерінің шекті құны бойынша қойылатын талаптарды қоспағанда, ірі жобаларды жүзеге асыру үшін тиісті құқықтық актілерге өзгерістер енгізу;

- жыл соңына дейін жасанды интеллект арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз ету.

— Aitu, eGov, eGov Business, eOtinish қызметтері мен ақпараттық жүйелері үшін нөлдік тарифтеуді пайдалану азаматтардың мобилді шотындағы баланс нөл немесе теріс болған жағдайда мемлекеттік ресурстарға кепілдік беретін қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай қадам Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді және digital by default форматына көшудің маңызды кезеңіне айналады, — деп атап өтті ведомство.

Бірқатар шет елдерде осыған ұқсас тетіктер қазірдің өзінде бар. Эстонияда X-Road және e-Services платформаларына тегін қолжетімділік қамтамасыз етілген, Сингапурда телекоммуникация операторлары SingPass, Gov.sg, MyInfo қызметтеріне нөлдік трафик ұсынады.

Smart Bridge қоса алғанда, жеке ІТ шешімдерін мемлекеттік қызметтермен интеграциялау инновацияларды енгізу және дербес деректерді қорғау жөніндегі барлық талапты сақтай отырып, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бүгінгі таңда платформа арқылы 14,6 мыңнан астам өтінім берілді. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін Qaztech платформасында IT-шешімдердің құны және автоматтандырылған функцияларының саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Бұрын бір өнімді әзірлеу 15 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек болатын, мерзімі 6 аймен шектелді, автоматтандырылған функциялардың саны небары 3-еу ғана еді. Енді жаңа тәсіл кедергілерді жояды, уқымды және кешенді шешімдерді жедел әзірлеуге мүмкіндік береді, отандық цифрлық технологиялардың қолдану аясын кеңейту үшін жағдай жасайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл